Күн тәртібі

Балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» электрондық үкіметтің веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібінің үлгiсі

Тамақтану

“Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына сәйкес.

Объектілерде объекті басшысы бекіткен перспективтік маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады.

        Мәзір жасау кезінде өңірде шығарылатын отандық өнімдер ассортименті ескеріледі. Балаларды тамақтандыру рационында витаминді-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.

Үйірме жұмыстары

1. «Тіл-халық қазынасы».

Мақсаты: Балаларды көркем шығарманың мазмұнын еркін әңгімелеп айтып беруге үйрету. Сөздік қорларын кеңейту, ой өрісін, дүние танымын қалыптастыру. Әртістік өнерге, сахнаға, театрға, эстетикалық сезімдерін арттыру. Таным қызығушылықтарын арттыра отырып, ұжымдық іс –әрекетке жұмылдыру.

2. «Әнші балапан».

Мақсаты: Балалардың ән айтуға деген тұрақты ынтасын, білімін, сезімін және талғамын тереңдету. Шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту.

3.«Сымбатты бала».

Мақсаты: Жеке тұлғаның дене бітімінің сымбаттылығын дүрыс қалыптастыру, күш ептіліктерін дамыту, дұрыс демалу ережелерін игерте отырып, жеңіл жүруге жүгіруге үйрету, музыка ауеніне сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасату.

4.«Шебер қолдар».

Мақсаты: Балаларға қосымша білім беруде олардың жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру. Білімін, шеберлігін көтеру. Оларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыра отырып, дарындылыққа тәрбиелеу. Жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындай отырып іскерлігін дамыту. Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

5. «Кел билейік».

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке шығармашылық мүмкіншіліктерін, қабілеттерін анықтып, әрі қарай дамыту. Сезімдік-эмоционалдық  ортасы мен эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Ата-аналар үшін жадынама

Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес

Құрметті ата-аналар!

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Сізге ұсынылып отырған  Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес.

Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «Не істеу керек» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу – үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.
«Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп тұжырымдаған.
Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес:

  1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.
  2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.
  3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз. Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.
  4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
  5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.
  6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
  7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.
  8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.
  9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.
  10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
  11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.
  12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.
  13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
  14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.