Бағдарламалар

No20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайында оқу-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандарты мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарын ескере отырып құрастырылған.Біз оқытудың озық әдістерін, қазақстандық және басқа да шетелдік педагогтардың, психологтардың озық әзірлемелерінің тәжірибесін қолданамыз, мұны баланың психикалық және физикалық денсаулығын ескере отырып, дамудың жақын аймақтарын пайдалана отырып жасаймыз.

Бағдарламаның мақсаты:

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін қолайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді беру.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына 1-қосымша

ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Заттық-дамытушы орта – заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын, күні бойы өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта.

Заттық- дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану.

Дамытушы орта балаға өз қабілеттерін пайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Балалар әрекетін осындай тәсілмен ұйымдастыру нәтижеге бағытталған даму механизмін құрайды. Бала жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады.

Дағдыларды қалыптастыру

1.      Физикалық қасиеттерді дамыту.

Балалардың денсаулығын нығайтатын, ағзаны шынықтыратын, негізгі қимыл түрлерін дамытатын жағдайлармен қамтамасыз ету.

Балалардың  өмірін қорғауға және денсаулықты нығайтуға, ағзаның үйлесімді психофизикалық дамуы үшін жағдай жасау.

2.      Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту.

Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту сурет салу, мүсіндеу, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, күн сайын ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерінде іске асырылады.

Мақсаты қоршаған ортаның әсемдігіне қызығушылықты ояту арқылы балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыру.

3.      Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту сенсорика ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы күн сайын ойын түрінде балалардың түрлі әрекеттерінде іске асырылады.

Мақсаты: қоршаған ортаны сезім мүшелері арқылы қабылдауды жетілдіру үшін жағдай жасау.

4.      Коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы күн сайын ойын түрінде түрлі балалар әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты балалардың ауызекі сөйлеуін дамыта отырып, олардың қарым-қатынас жасауға деген қажеттіліктерін қанағаттантандыру.

5.      Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерінде күн сайын іске асырылады.

Мақсаты: әр түрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында әлеуметтік қатынастар жүйесіне ену негізінде баланың әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру.