РАБ ТЕЛ: +7 (723) 278-52-82
+7 (723) 278-52-32

 

Педагогикалық және психологиялық әсер етудің заманауи жетістіктерін зерттеу және енгізу

22.11.2023 Күн тәртібінде педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңестің тақырыбы: Жеке тұрғаның этикалық қасиеттерінің күнделікті іс-әрекет барысында шыңдалуына педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ықпал етудің заманауи жетістіктерін зерделеп, еңгізу негізінде жүзеге асыру.
Мақсаты: жас буынның бойына қамқорлық, ізгілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерін іс-әрекет барысында қалыптастыру болды.
Қазақтың қанына сіңген осы қасиеттер салт-дәстүрімізбен сабақтасып жатқанын тағы да бір дәлелі ретінде: Күнделікті ойын іс-әрекет барысында: тыйым сөздер, мақал-мәтел, әңгімелер, ертегілердің жиі қолданылуы турасында болды.
Есі кірген баланы: жаман әдет, жат пиғылдан, теріс мінезден сақтандырудың
аясында түрлі сұрақтар қойылып, пікір алмасу, іс-тәжірибелермен бөлісті.