РАБ ТЕЛ: +7 (723) 278-52-82
+7 (723) 278-52-32

 

Өзін-өзі бағалау есебі-2022-2023 оқу жылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №20 «Нұршуақ» балабақша- бөбекжайы» КМҚК жалпы сипаттама

Білім беру мекемесінің толық атауы: «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №20 «Нұршуақ» балабақша- бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

БСН 110940006112, 22453-1917-МК заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі 2011 жылдың «09» қыркүйегінде берілген.

20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 12 мамыр, 2011 жылғы №11661 қаулысы негізінде 30 тамызда сол жылдардағы облыс әкімі Сапарбаев Б.М. және «Балдырған» балалар журналының бас редакторы Тұманбай Молдағалиев атамыз бастаған, күйші Секен Тұрысбеков қостаған бір топ ақын, жазушылардың қатысуымен ашылды.